Біздің сүт тауарлары фермамыз Қазақстан Республикасындағы сүт алудан бастап дайын өнім шығысына дейін толық өңдеу циклы бар заманауи инновациялық мал шаруашылығы кәсіпорындарының топ-3 жатады. Сүт өңдеу зауытының қуаты тәулігіне 50 тоннаны құрайды.


Сиырлар
Біз орташа сауыны жоғары, май және ақуыз мөлшері мол өндірілетін сүт сапасы мен мөлшері жөнінен көшбасшы – Голштин қара-шұбар тұқымды сиырларын өсіреміз. Біздің сүттің жоғары сапасына оңтайлы климаттық жағдайлармен және тамаша жем-шөппен қол жеткізіледі.

Жем-шөп
Біздің зоотехниктеріміз сиырларға арналған арнайы рацион әзірлеген және қажетті шөптер мен астық дақылдарын өзіміздің егістіктерде өсіреді. Жем-шөп өндірісінің органикалық ұстанымдары экологиялық тазалығы мен дайын өнімнің тамаша дәмдік сипаттамаларын қамтамасыз етеді.

Құрылғылар
Фермада «DeLaval» компаниясы шығарған швециялық ең үздік озық құрылғы орнатылған. Сиырларды ұстау, қоректендіру, сауу үдерістері автоматты режимде жүзеге асырылады, оның жұмыс ұстанымы шикі сүттің ауамен және қоршаған ортамен жанасуына жол бермейді, адам факторының ықпалын жояды.

Шикі сүтті қабылдау және сақтау
Фермада алынған сүт салқындатылатын саңылаусыз ыдыста сақталады. Одан әрі зауытқа тасымалданады және мұнда толық зертханалық талдаудың бірінші кезеңінен өтеді.

Өндіріс
Бұл кезеңде сүт сепарациялау, тұрақтандыру, SPX, FBF, Technolat фирмаларының жоғары технологиялы италиялық құрылғыларында пастерлеу кезеңдерінен өтеді. Аталған құрылғы сүттің барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Бұдан әрі сүрт ферментті аймаққа жіберіледі, мұнда одан табиғи дәмді өнімдер: сүт, айран, ішуге арналған йогурт, қаймақ және ақ ірімшік алынады.

Қаптау, сақтау және дайын өнімді жеткізу
Барлық өнім «Tauras-Fenix» фирмасының озық бөліп қаптау автоматтарында қапталады. Дайын өнім қоймасына тапсырылады және жедел түрде дүкен сөрелеріне жеткізіледі. Бұл Сіздерге «Бөрте Милка» ЖШС табиғи және жаңа өнімдерін күн сайын алуға мүмкіндік береді.

Сапаны бақылау
Шикі сүтті алуды бастап, Сіздің дайын өнімді сатып алғаныңызға дейін барлық цикл зауыт жанынан арнайы құрылған аккредитациядан өткен зертханада бақыланады. Аталған зертхана физикалық, химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша талдау жасайды. Осы арқылы «Бөрте Милка» ЖШС Сіздің сіздің табиғи, дәмді және балғын, ең бастысы қауіпсіз өнімді сатып алатыныңызға кепілдік береді.