Блог

img

Өмірбаян

15 August 2017
460

                                
                                

Аты-жөні: Абишов Нұралы Алмахан ұлы.

1967 жылы 7 шілдеде Шардара ауданы Көксу совхозында көпбалалы жұмысшылар отбасында дүниеге келген.

1984 жылы Сарыағаш ауданы, Бірлік совхозында орта мектепті бітірді.

Білімі- жоғары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2000 жылы «Автоматты электр байланысы»  мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, электр байланысының инженері біліктілігін алған.

Мақтарал ауданы №26 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты және Мақтарал ауданының құрметті азаматы.

Еңбек жолын Бірлік совхозында 3 дәрежелі электр монтер болып бастаған.

1986 жылы Шардара қаласындағы «Құрылыс материалдары комбинатында» арматура цехында жұмыс атқарған. Біраз уақыт Жаушықұм ауылында дене шынықтыру методисі болған.

1994 жылы Шымкент қаласы, Абай ауданы аппаратында 2 дәрежелі инспектор болып қызмет атқарды.

2000 жылы «Батсутрансгаз», «Батсуэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры қызметін атқарды.

2002 жылдан-2006 жылдар аралығында «Батсу» корпорациясының Президенті болды.

2006 жылдан -2012 жылдар аралыгында «Комби-строй-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, 2012 жылдан қазіргі таңга дейін «АГРО-V» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.

Осы қызмет атқарған жылдарында «Құрмет» орденімен,  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен және Президент Жарлығымен  «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, ХІХ халықаралық экономикалық форумында «Лидер отрасли» орденімен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №1-318Ө өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

2004 жылы «Жылдың ең үздік кәсіпкері» номинациясын, «Халыққа арналған өнеркәсіп тауарлары» ІІ дәрежелі номинациясын жеңіп алған.

2007 жылдан бері Мақтарал ауданы, №26 сайлау округінен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты. Партиялық істерге де белсене араласады. «Нұр Отан» партиясының «Ауылды қолдау» бағыты бойынша тәлімгері.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында, Жайлау мөлтек ауданында, Алмахан қажы көшесі, №43,44 үйде тұрады. Отбасылы, екі ұл, екі қызы бар.